Абай аудандық аумақтық инспекциясы/Теринспекция Абайского района

  • Home
  • Kazakhstan
  • Abay
  • Абай аудандық аумақтық инспекциясы/Теринспекция Абайского района

Абай аудандық аумақтық инспекциясы/Теринспекция Абайского района Contact information, map and directions, contact form, opening hours, services, ratings, photos, videos and announcements from Абай аудандық аумақтық инспекциясы/Теринспекция Абайского района, Meat Wholesaler, Республика Казахстан, Карагандинская область, Абайский район, город Абай, мкр 3, дом 43, Abay.

21/08/2026
Мемлекеттік ветеринариялық-санитарлық бақылау және қадағалау объектiлеріне ветеринариялық-санитарлық қорытындыны беру тә...
21/08/2026

Мемлекеттік ветеринариялық-санитарлық бақылау және қадағалау объектiлеріне ветеринариялық-санитарлық қорытындыны беру тәртібі.

Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілеріне ветеринариялық-санитарлық қорытындысын (бұдан әрі – ветеринариялық-санитариялық қорытынды) бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы және оның орынбасары бекіткен тізім негізінде мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлар мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау нәтижелері бойынша береді.

Ветеринариялық-санитариялық қорытынды алу үшін көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы. мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілеріне ветеринариялық-санитариялық қорытынды беруге өтініш және көрсетілген құжаттарды ұсынады. Ветеринариялық-санитариялық қорытынды немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден уәжді бас тарту өтініш түскен күннен бастап 4 (төрт) жұмыс күні ішінде ресімделеді.

Мемлекеттік қызмет көрсету түрі: Ақылы. Көрсетілетін қызметті алушы бланктің құнын екінші деңгейдегі банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы төлейді.

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау объектілеріне ветеринариялық-санитариялық қорытынды беру Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 21 мамырдағы № 7-1/453 бұйрығымен бекітілген.
1."бір өтініш" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметті алу үшін – көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанында ветеринариялық-санитариялық қорытынды беруге және есептік нөмір беруге өтініш;
2. меншік құқығындағы тиісті үй-жайлардың болуын немесе жалдау шарты құқығындағы тиісті үй-жайлардың болуын растайтын құқық белгілейтін құжаттың электрондық көшірмесі;
3. ЭҮТШ арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, ветеринариялық-санитариялық қорытынды бланкісінің төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі.
4.жеке басын куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкерді тіркеу туралы хабарлама не дара кәсіпкер ретінде қызметінің басталғаны туралы хабарлама.
Меншік құқығындағы тиісті үй-жайлардың болуы туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы алады.

Аумақтық бөлімше кеңсесінің маманы келіп түскен сәттен бастап өтініш пен көрсетілген құжаттарды тіркеуді жүзеге асырады және жауапты мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторды анықтау үшін аумақтық бөлімшенің басшысына жібереді.

Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектор өтініш тіркелген кезден бастап 3 (үш) жұмыс сағаты ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды толық ұсынбаған жағдайда, мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектор ББАЖ АЖ-ны пайдалана отырып, өтінішті одан әрі қараудан уәжді бас тарту береді және мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектордың ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" хабарлама жібереді.

Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы объектіні зерттеп-қарауға дейін барып бақылау мен қадағалау жүргізу туралы тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарын хабарландырады, объектіні зерттеп-қарауды жүзеге асырады, объектінің ұсынылған құжаттарға сәйкестігін тексереді. Сонымен қатар объектінің Ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидаларға, Ветеринариялық (ветеринариялық̶̶санитариялық) талаптарға және "Жануарларды өсіруді, өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне қойылатын ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 29 мамырдағы № 7-1/498 бұйрығымен, "Жануарлардан алынатын өнім мен шикізатты дайындауды (жануарларды сою), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне қойылатын ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 18 қыркүйектегі № 7-1/832 бұйрығымен, "Ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарға қойылатын ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 23 қыркүйектегі № 7-1/848 бұйрығымен бекітілген талаптарға сәйкестігін тексереді.

🐑 ҰСАҚ МАЛДЫҢ КҮЛ ОСПА  АУРУЫНА НАЗАР АУДАРАЙЫҚ!Ұсақ малдың күл  (оспа) — қой мен ешкілер арасында таралатын, жұқпалы ви...
21/08/2026

🐑 ҰСАҚ МАЛДЫҢ КҮЛ ОСПА АУРУЫНА НАЗАР АУДАРАЙЫҚ!

Ұсақ малдың күл (оспа) — қой мен ешкілер арасында таралатын, жұқпалы вирустық ауру.

Ауру малда дене қызуы көтеріліп, әлсіздік, тәбеттің төмендеуі байқалады. Терісінде, ауыз қуысы мен басқа да шырышты қабаттарында түйіншектер, бөртпелер пайда болуы мүмкін. Аурудың ауыр түрінде малдың жалпы жағдайы нашарлап, өнімділігі төмендейді.

🔹 Жұғу жолдары:
• ауру малмен тікелей жанасу арқылы;
• ауру малдың бөлінділері арқылы;
• ластанған жем, су, құрал-жабдықтар арқылы;
• жәндіктердің механикалық тасымалдауы арқылы.

🔹 Алдын алу шаралары:
✅ Малдарды уақытылы ветеринариялық тексеруден өткізу;
✅ ветеринариялық мамандардың ұсынымына сәйкес вакцинация жүргізу;
✅ жаңадан әкелінген малды карантинде ұстау;
✅ қора-жайларды таза ұстап, дезинфекциялау;
✅ ауруға күдікті малды оқшаулау;
✅ ауру белгілері байқалған жағдайда дереу ветеринариялық маманға хабарласу.

⚠️ Есте сақтаңыз! Аурудың алдын алу — мал шаруашылығын қорғаудың ең тиімді жолы. Малдың денсаулығына жауапкершілікпен қарап, ветеринариялық талаптарды сақтайық!

Мал саулығы — шаруашылықтың берекесі! 🐑🤝

Address

Республика Казахстан, Карагандинская область, Абайский район, город Абай, мкр 3, дом 43
Abay
100100

Opening Hours

Monday 09:00 - 18:30
Tuesday 09:00 - 18:30
Wednesday 09:00 - 18:30
Thursday 09:00 - 18:30
Friday 09:00 - 18:30

Website

Alerts

Be the first to know and let us send you an email when Абай аудандық аумақтық инспекциясы/Теринспекция Абайского района posts news and promotions. Your email address will not be used for any other purpose, and you can unsubscribe at any time.

Shortcuts

Share