Маңғыстау облысының Балық шаруашылығы басқармасы

  • Home
  • Kazakhstan
  • Aktau
  • Маңғыстау облысының Балық шаруашылығы басқармасы

Маңғыстау облысының Балық шаруашылығы басқармасы Contact information, map and directions, contact form, opening hours, services, ratings, photos, videos and announcements from Маңғыстау облысының Балық шаруашылығы басқармасы, Fish Farm, Мангыстау обл, Aktau.

14/08/2026

🎣 Әуесқой (спорттық) балық аулауға шығуды жоспарлап жүрсіз бе? Рұқсатты алдын ала e-License жүйесі арқылы рәсімдеуді ұмытпаңыз. Балық аулау қағидаларын сақтап, табиғатты бірге қорғайық!

🌊 «Caspian Sea Action Week 2026» халықаралық іс-қимыл апталығы аясында сенбілік өтті2026 жылғы 6–12 тамыз аралығында ұйы...
08/08/2026

🌊 «Caspian Sea Action Week 2026» халықаралық іс-қимыл апталығы аясында сенбілік өтті

2026 жылғы 6–12 тамыз аралығында ұйымдастырылған «Caspian Sea Action Week 2026» халықаралық іс-қимыл апталығы аясында 8 тамыз күні Каспий теңізінің жағалауында халықаралық сенбілік өткізілді.

Іс-шараның негізгі мақсаты – Каспий теңізінің экологиялық жағдайын жақсарту, теңіз жағалауы мен су айдынының тазалығын сақтау, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғауға қоғамның назарын аудару.

Сенбілік барысында Каспий теңізінің жағалау аумағы тазартылып, сүңгуірлердің қатысуымен теңіз түбін тазалау жұмыстары жүргізілді.

Аталған іс-шара Каспий теңізін қорғау және оның табиғи экожүйесін сақтау бағытындағы маңызды шаралардың бірі болды.

08/08/2026

Маңғыстау облысының балық шаруашылығы басқармасы 🎣 «Балық қорын сақтау» акциясын өткізді.
Тамыз айында балық биоресурстарын қорғау және сақтау, сондай-ақ тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру мақсатында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

Акция аясында балық ресурстарын ұқыпты пайдалану, заңсыз балық аулаудың алдын алу және су биоресурстарын қорғау бойынша түсіндіру шаралары ұйымдастырылуда.

Табиғатты қорғау – баршамыздың ортақ міндетіміз! 🐟

Маңғыстау облысында цифрлық трансформация және жасанды интеллектіні дамыту мәселелері қаралдыМаңғыстау облысында Қазақст...
06/08/2026

Маңғыстау облысында цифрлық трансформация және жасанды интеллектіні дамыту мәселелері қаралды

Маңғыстау облысында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев пен облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбайдың тең төрағалығымен өңірдің цифрлық трансформациясы мен жасанды интеллект технологияларын дамыту мәселелеріне арналған кеңес өтті.

Жиын барысында өңірдің цифрлық дамуының негізгі бағыттары қаралып, телекоммуникациялық инфрақұрылымды жетілдіру, мемлекеттік басқаруды цифрлық трансформациялау, жасанды интеллект технологияларын енгізу және инновациялық жобаларды іске асыру мәселелері талқыланды.

Өңірде атқарылып жатқан жұмыстар туралы облыс әкімінің орынбасары Малик Әбдіқадыров баяндама жасады. Оның айтуынша, Маңғыстау облысының геоақпараттық порталы жаңғыртылып, мемлекеттік басқару жүйесіне ұшқышсыз ұшу аппараттарының технологиялары кезең-кезеңімен енгізілуде. Сонымен қатар Mangystau Hub базасында жасанды интеллект, бағдарламалау, робототехника және киберқауіпсіздік бағыттары бойынша мамандар даярланып, мемлекеттік қызметшілердің цифрлық құзыреттерін арттыруға бағытталған оқыту жұмыстары жүргізілуде.

Кеңесте өңірдің цифрлық экожүйесін одан әрі дамытуға басымдық берілді. Атап айтқанда, өңірлік ахуалдық орталық базасында бірыңғай цифрлық басқару платформасын құру, Data Lake платформасын қалыптастыру, 109 бірыңғай байланыс орталығының жұмысын жетілдіру, интеллектуалды бейнемониторинг жүйесін кеңейту және телекоммуникациялық инфрақұрылымды дамыту мәселелері қаралды.

06/08/2026

#ТазаҚазақстан

06/08/2026

Маңғыстау облысында аквашаруашылық саласын мемлекеттік қолдау аясында субсидиялау қағидаларына сәйкес балық шаруашылығы субъектісіне барып, қарап-тексеру жұмыстары жүргізілді.

Іс-шара барысында аквашаруашылық өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруға, сондай-ақ асыл тұқымды балық өсіруді дамытуға қатысты ұсынылған мәліметтердің талаптарға сәйкестігі зерделенді. Маңғыстау облысының балық шаруашылығы басқармасы

«Маңғыстаудың жерасты мешіттері және олармен сабақтас нысандар» ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралар тізіміне ендіОңтүстік Ко...
27/07/2026

«Маңғыстаудың жерасты мешіттері және олармен сабақтас нысандар» ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралар тізіміне енді

Оңтүстік Кореяның Пусан қаласында өткен ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұра комитетінің 48-сессиясында «Маңғыстаудың жерасты мешіттері және олармен сабақтас нысандар» Бүкіләлемдік мұралар тізіміне енгізілді.

Номинацияны әзірлеу және ұсыну жұмыстары Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2024 жылы Атырауда өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында берген тапсырмасына сәйкес жүргізілді. Президент Маңғыстаудың бірегей табиғи келбеті мен тарихи-мәдени мұрасын әлемге кеңінен танытуды және өңірдегі жерасты мешіттерді ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралар тізіміне енгізу жұмысын бастауды тапсырған болатын.

Сериялық нысан құрамына Шопан ата, Қараман ата, Шақпақ ата, Сұлтан епе және Бекет ата атты бес киелі кешен енді.

ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұра комитеті нысанның (ii) және (iii) критерийлер бойынша айрықша әмбебап құндылығын мойындады. Комитет Маңғыстауда сопылық дәстүр мен көшпелі мәдениеттің сан ғасырлық сабақтастығы нәтижесінде қалыптасқан бірегей киелі кеңістіктің әлемдік мәдени мұра үшін маңызын атап өтті.

Әрбір кешеннің құрамына жерасты мешіттері, қорымдар, сопылық ілім өкілдерінің кесенелері мен жерлеу орындары, зиярат жолдары, киелі құдықтар және діни мәні бар өзге де нысандар кіреді. Бұл орындар ғасырлар бойы үзілмеген рухани дәстүрдің сақталуына ықпал етіп, бүгінге дейін зиярат етушілердің маңызды орталығы ретінде маңызын жоғалтқан жоқ. Сонымен қатар киелі орындарды күтіп-баптап, олардың сабақтастығын жалғап келе жатқан шырақшылық дәстүрі де сақталған.
Бес кешеннің барлығы мемлекет қорғауында және Республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енгізілген. Оларды ұзақ мерзімге сақтауды қамтамасыз ету мақсатында 2027-2032 жылдарға арналған кешенді басқару жоспары әзірленіп жатыр.

Құжатта ескерткіштерді сақтау, киелі тарихи-мәдени кеңістікті қорғау, келушілер ағынын тиімді ұйымдастыру, ықтимал қатерлердің алдын алу және ғылыми зерттеулер жүргізу мәселелері қамтылған.

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

Маңғыстау облысында «Құқықтық дәріхана» акциясы өттіМаңғыстау облысының прокуратурасы өңірде «Құқықтық дәріхана» акциясы...
27/07/2026

Маңғыстау облысында «Құқықтық дәріхана» акциясы өтті

Маңғыстау облысының прокуратурасы өңірде «Құқықтық дәріхана» акциясын өткізіп, оның аясында тұрғындарға құқықтық мәселелер бойынша тегін кеңес берді, деп хабарлайды Қоғамдық коммуникация орталығы.

Акцияның негізгі мақсаты - халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және білікті заң көмегінің қолжетімділігін қамтамасыз ету.

Іс-шара облыстың екі қаласы мен бес ауданында ұйымдастырылды. Оған прокуратура, құқық қорғау және әділет органдарының қызметкерлері, нотариустар, жеке сот орындаушылары, медиаторлар қатысты.

Маңғыстау облысының прокуроры Серікқали Күшәлиев мұндай бастамалар азаматтардың құқықтық мәселелерін жедел шешуге және құқықтық мәдениетін арттыруға ықпал ететінін атап өтті.

- Акция барысында Маңғыстау облысының 2 мыңнан астам тұрғыны заң көмегіне жүгінді. Азаматтарға қылмыстық, азаматтық, тұрғын үй, жер, отбасы, еңбек және өзге де құқық салалары бойынша консультациялар берілді. Мамандар азаматтардың құқықтарын қорғау тәртібін түсіндіріп, қойылған сұрақтарға жауап берді. Мұндай формат азаматтарға түрлі мемлекеттік органдар мен заң қоғамдастығы өкілдерінен бір жерде кеңес алып, құқықтық мәселелерін шешу жолдары бойынша жан-жақты түсіндірме алуға мүмкіндік береді, - деді Серікқали Күшәлиев.

Акция аясында тұрғындарға құқықтық мәселелер бойынша жан-жақты түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, заң талаптары мен азаматтардың құқықтарын қорғау тетіктері кеңінен түсіндірілді.

Маңғыстау облысының прокуратурасы халықтың құқықтық мәдениетін арттыруға және мемлекеттік институттарға деген сенімді нығайтуға бағытталған осындай іс-шараларды алдағы уақытта да жалғастырады.

Өңдеу өндірісі жетекші орынға шықты: Маңғыстау экономикасының дәстүрлі құрылымы өзгеруде.Маңғыстау облысының өнеркәсіп к...
24/07/2026

Өңдеу өндірісі жетекші орынға шықты: Маңғыстау экономикасының дәстүрлі құрылымы өзгеруде.

Маңғыстау облысының өнеркәсіп кәсіпорындары жыл басынан бері 2,1 трлн теңгеге өнім өндіріп, 3,6%-ға нақты өсім көрсетті. Өнеркәсіп өндірісінің құрылымында негізгі өзгерістер байқалуда: дәстүрлі өндіруші салалармен қатар өңдеу өнеркәсібі озық өсім қарқынын көрсетті. Биылғы қаңтар–маусым айларында өңдеу өнеркәсібінде өндірілген өнім көлемі 39%-ға артып, 186 млрд теңгеге жетті. Бұл көрсеткіштер шикізаттық емес сектордың дәйекті түрде кеңейіп келе жатқанын және қосылған құны жоғары өнім өндірісінің артып отырғанын айқын көрсетеді. Оң серпін инвестиция саласында да сақталуда. Алты айдың қорытындысы бойынша негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі шамамен 500 млрд теңгені құрады.

Өнеркәсіптік және көлік инфрақұрылымының дамуы өңірдің құрылыс кешенінің қарқынды жұмысына серпін беруде. Нәтижесінде орындалған құрылыс жұмыстарының көлемі 11,8%-ға өсіп, 178,3 млрд теңгені құрады.

Өңірде тұрғын үй құрылысы да қарқынды жалғасуда. Жыл басынан бері 275 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 4,6%-ға жоғары. Тұрғын үй қорының ұлғаюы халықтың тұрмыс сапасын жақсартып, қалалық инфрақұрылымның одан әрі дамуына ықпал етуде.

24/07/2026

⚜️«Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында Маңғыстаудың қалалары мен аудандарына соңғы 20 жылда алғаш рет 115 жаңа арнайы техника табысталды

Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау және «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасын іске асыру аясында Маңғыстау облысында соңғы 20 жылда алғаш рет арнайы коммуналдық техникалар паркі жаңартылды.

📌Өңірдегі өзге де өзекті жаңалықтарды Қоғамдық коммуникация орталығының әлеуметтік желідегі парақшаларынан оқи аласыздар.

Address

Мангыстау обл
Aktau

Opening Hours

Monday 09:00 - 18:30
Tuesday 09:00 - 18:30
Wednesday 09:00 - 18:30
Thursday 09:00 - 18:30
Friday 09:00 - 18:30

Website

Alerts

Be the first to know and let us send you an email when Маңғыстау облысының Балық шаруашылығы басқармасы posts news and promotions. Your email address will not be used for any other purpose, and you can unsubscribe at any time.

Shortcuts

Share

Category