18/06/2026
Абай облысына жұмыс сапарымен келген ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин облыс әкімі Берік Уәлимен бірге Семейдегі Арбат алаңында ұйымдастырылған ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерінің көрмесін аралады.
Көрмеге қатысқан жергілікті кәсіпорындардың қатарында ұлттық өнімдер өндіретін «АДАЛ-АС TRADE» ЖШС де болды. Компанияның табиғи әрі сапалы өнімдері Серік Жұманғариннің назарын аударып, кәсіпорын өкілдері өндіріс ерекшеліктері мен ұлттық тағамдарды дамыту бағытындағы жұмыстарын таныстырды.
Отандық өндірісті қолдау мен ұлттық өнімдерді насихаттау – өңір кәсіпкерлерінің басты мақсаты.